Қаңтар оқиғасы бойынша қамауда отырған белсенді Қосай Маханбаев тергеу изоляторынан үйқамаққа шықты. Бұл туралы Азаттыққа адвокат Жалғас Сапарханова хабарлады. Сот белсендінің бұлтартпас шарасын өзгертіп, екі айға үйқамаққа жіберген. Алайда оған интернет, ұялы телефон қолдануға тыйым салынған. Сот пен тергеу органдарының шақыртуына келуге міндетті екенін айтты, деді адвокат Жалғас Сапарханова. Адвокат өткен аптада сотқа өтініш түсіріп,