«Қазақстан халқына» қоры қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілгені туралы ақпарат берді. Қаралы қаңтарда зардап шеккен 614 адамға қайырымдылық көмек ретінде жалпы сомасы 2 миллиард 434 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде абайсызда қаза тапқан 145 азаматтың отбасына 1 миллиард 15 миллион теңгеден, қайтыс болған азаматтардың отбасындағы кәмелетке толмаған 131 балаға 262 миллион теңге