Жетісу облысының полицейлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар барысында Текелі қаласындағы тұрмыстық қалдықтар жиналған қоқыс орнында атыс қаруы мен оқ-дәрілер сақталған тықпа орын табылды. «Жасырын орында қарудың бүкіл арсеналы болды. Екі тегіс ұңғылы шолақ мылтық, «Olimpic» маркалы револьвер, газ тапаншасы, түрлі калибрлі 50-ден астам патрон, оптикалық көздеуіш және аңшылық фонарь табылды», – деді Текелі