Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуына байланысты қылмыстық кодекстің 328-бабының белгілері бойынша іс қозғалды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2022 жылғы 2 қарашада Instagram желісінде балық шабақтарының қырылуы тіркелген видео тарады. Бүгінгі таңда Қонаев бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Алматы облысы бойынша экология департаменті, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазгидромет»