Сенатор Жанболат Жөргенбаев премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында экологиялық апаттың ықтималдығы жоғары екенін ескертті. Қонаев қаласының ағынды суларды тазарту құрылыстары 1968 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта бұл ғимараттар мен құрылыстардың барлығы 100% тозған. Қапшағайдағы және Балқаш көлінің төменгі ағысындағы су ластанса, бұл ауқымды экологиялық апатқа әкеледі. Қазіргі жағдайда Қонаев қаласының аумағында жергілікті деңгейде техногендік