Алматыда «Қара шапан» ерекше арт-нысаны орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қара шапан» мүсінін қазақстандық суретші Сырлыбек Бекботаев жасады. Үш метрлік шапан күйдірілген металдан өріліп жасалған. Салмағы – жарты тонна, диаметрі – 3,5 метр. Автордың айтуынша, бұл мүсін кездейсоқ таңдалмаған, шапан - мәдени код. Ол қазақ және Орталық Азия мәдениетіне бағыттайды, онда көшпенділер құрмет, бірлік және өзара