Фото: Видеодан алынған кадр Қарағанды облысында қоғамдық көлік мәселесі қайта ушығып тұр. Теміртау қаласының тұрғындары Қарағандыға қатынайтын автобустардың таңғы уақытта лық толатынына шағымдануда. Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушылардың бір-біріне қысылып, әрең тұрғаны анық көрінеді. Автобус іші «бөшкедегі майшабақтай» – қозғалу мүмкін емес. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Тұрғындардың айтуынша, әсіресе таңғы қарбаласта Теміртаудан Қарағандыға...