Қарағанды облысында ауыл тұрғыны өз анасын тонаған деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, қаскөй 81 жастағы анасының дүкенге кеткен сәтін пайдаланып, үйден 9 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен. «Жалпы шығын сомасы 14 мың теңгені құрады. Жедел іздестіру шаралары барысында 42 жастағы күдікті ұсталды. Заттай дәлел – ұялы телефон тәркіленіп алынды. …