Қарағанды облысында «Nova Цинк» компаниясының қызметкері қаза тапты. Қайғылы оқиға 25 қаңтарда болған. Ол кенді көсеу кезінде бункерге құлап кеткен. Кейін оны кен үйіндісі басып қалған, салдарынан жұмысшы тұншығып, қайтыс болған. Марқұм 23 жаста еді. Төтенше жағдайдың барлық мән-жайын тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Кәсіпорын жерлеу рәсімінің барлық шығынын өз мойнына алуға уәде берді.