Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz. Полицияның мәліметінше, жазатайым оқиға 3 шілдеде болды. Бала ауыр жарақат алғанымен, аман қалды. «Ол медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала …