Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 200 метрден астам рельс ұрлады деген күдікпен Қарағанды облысының төрт тұрғынын ұстады. «Осы жылдың сәуір айында бір топ адам арнайы техниканы пайдаланып, «Жезқазған-РЗД-1» стансасының аралық жолына төсеуге және кейіннен ауыстыруға арналған жалпы ұзындығы 222 метр рельсті ұрлап кеткен. Сонымен бірге 1600 метр теміржол төсеміне зақым келген, келтірілген шығын көлемі […]