Фото: видеодан алынған кадр Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданында тұрғын үйдің ауласында жеңіл автокөлік өртеніп кетті. Өрт мотор бөлігінен шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. ТЖМ күштерімен өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. «ТЖМ азаматтарды автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады», – делінген ТЖМ хабарламасында.