«Қазгидромет» осы айға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қарашаның алғашқы күндерінде ел аумағы бойынша ауа температурасы түнде -5+5°С, күндіз +1+9°С, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылы болады - күндіз +10+18°С болады. Жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады, республиканың оңтүстігінде әлі де көбінесе жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттармен байланысты ең күшті жауын-шашын еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде жауады, орталығында