Ерлан Қарин Президент тапсырмасына сәйкес халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Мемлекеттік кеңесші кездесуде қазақстандық оқушылардың жыл сайын көптеген халықаралық білім додасында топ жарып жүргенін атап өтті.