Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2023 жылғы қаңтардағы мемлекет қаржысының атқарылуы туралы есеп берді. Қаңтарда мемлекеттік бюджеттің шығыстары 93,5%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 94,7%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,3%-ға атқарылған. Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмағаны – 84 млрд теңге, оның ішінде 13 млрд теңге – үнемдеу, игерілмегені – 71 млрд