Қаржы министрі, Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев журналистерге шамамен 1,5 млн теңге еңбекақы алатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Біріншіден, маған жалақыны қаржы министрлігі береді және вице-премьер ретінде тағы да ақы төлейді. Шамамен жалақым 1,5 млн теңгені құрайды», – деп жауап берді ол үкімет отырысында журналистерге.