Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы басшылыққа қатысты тергеу ісін аяқтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. ҰҚК бұрынғы басшылығы құрамындағы Кәрім Мәсімовке, Әнуар Садықұловқа, Дәулет Ерғожинға, Марат Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М.Акиповке, Н.К. Бекмұратқа қатысты қылмыстық істі тергеп бітірді. Бұл тұлғаларға мынадай айып тағылды: Кәрім Мәсімовтің және Әнуар Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау),