Анасы өліп қалған балапандарды бағып-қағып, қанаттанған соң өз қолымен ұшырған кішкентай қыздың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Жұртшылық бүлдіршіннің бұл қамқорлығына тәнті болып жатыр. Видео TikTok-та жарияланған. Оның қашан, қайда түсірілгені әзірге белгісіз. Жеткіншек қыз өліп қалған қарлығашты жерлеп, оның жетім қалған балапандарын тамақтандырып, қанаттандырып шығарған. Олардың қызға әбден бауыр басып қалғанын, қанаттары қатайып өсіп […]