«Ұлымды ересектер өлтірді», - дейді баланың ата-анасы. Ақтөбе облысында 14 жасар баланың өліміне қатысты ата-анасы жіті тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Қайғылы оқиға Шалқар ауданындағы Айшуақ ауылында болған. Марқұмның әкесі, баласын 11-класс оқушылары тепкіледі деп отыр. Салдарынан бала қайтыс болған. Алайда полицейлер марқұмның денесінде ұрып-соғу белгілері болмағанын мәлімдеген. Ата-ана бұған