Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орындарының бірі NCOC консорциумы кезекті сотта жеңілді. Енді билік шетелдік компаниялардан 5 миллиард доллар өндіруге құқылы. Алайда бұл – «Қашаған үшін күрестің» тек бір бөлігі ғана. Тартыс қазір Қазақстан аумағымен шектелмей, халықаралық арбитраж деңгейінде де жалғасып жатыр. Даудың мәні неде және оның шешімі неге Вашингтонда қабылданбақ? Ulysmedia.kz тілшісі сарапшылармен бірге зерттеп көрді.