«Қашып кеткім келеді» дегенде, біреу мені қуалап, қыр соңымнан қалмай келе жатқан жоқ. Қазіргі кейбір эстрада әндерін тыңдай бастасам болды, айдалаға қашып кеткім келеді. Әні жастар стиліне келіп, делебені дірілдетіп, қоздырғанымен, билегенде, туфлиіңді тоздырғанымен, ән мәтінінен маймылдың өзі шошып кететін сияқты. Мән–мағына өз алдына, ұйқастары ұйпа-тұйпа, ой оралымдары құйқа, құйқа. «Баяғының әндері қандай керемет!» десең […]