Алматы облысының Қарасай ауданында 2011 жылы туған бала өзенге ағып кеткен. Ол бір тәуліктен аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына 80-ге жуық адам жұмылдырылған деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Әли Балғазиев есімді бала абайсызда Қаскелең өзеніне батып кеткен. Оқиға 18 тамызда күндіз Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында болған. …