Қаскелеңдегі перзентханада босанған әйел үшінші қабаттан секіріп кеткен. Бұл ақпаратты заңгер, қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Оқиғаға қатысты перзентхана өкілдері пікір білдірді. Олардың сөзінше, бұл әйелдің үшінші жүктілігі болған. Үшінші қабаттан құлады. Ол кісі бізге төрт күн бұрын түскен. Үш жүктілік болған, үшеуі де сәтсіз болған. Бірінші баласын ішінде жоғалтқан.