Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 300 қала мен ауылдың тұрғындары күн сайын Kaspi Магазиннен тапсырыстарын алады. Жылдам әрі сапалы жеткізуді Kaspi Жеткізудің серіктестік желісі қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстанның әртүрлі компанияларында, қабылдау пункттерінде, логистикалық орталықтарда және тәуелсіз курьерлік қызметтерде еңбек ететін шамамен 10 000 қызметкер.