Маңғыстау облысында Каспий теңізі маңында құстардың жаппай қырылуы тұрғындарды алаңдатып отыр. Әлеуметтік желіде тараған видеода жағалау бойында жатқан аққулар мен басқа да құстардың өлекселері анық көрінеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өлген құстар бірнеше жерден табылған. Таңертең аққулардың бір бөлігі жиналып, аумақтан шығарылғанымен, басқа құстардың өлекселері әлі жатыр. Бұл жағдайдың себебі нақты белгісіз, бірақ тұрғындар экологияға зиян...