Фото: kz24.news/article Каспий теңізі акваториясында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 21:09-да болған. Азертадж ақпарынша, жер сілкінісінің ошағы 74 км тереңдікте орналасқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, дүмпу теңіз аймағында тіркелгендіктен, жақын маңдағы елді мекендерге айтарлықтай әсері...