Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келді деп хабарлады turkystan.kz «БОРТ №1» Телеграм – арнасына сілтеме жасап. «Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі», – делінген хабарламада.