Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты: 1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Ғылым және технология министрлігі арасында технология, инновация және цифрлық трансформация салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум; 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасында 2025-2027 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум; 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет, […]

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Жаңалықтар





































