Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ресейге және Францияға барады. Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қарашада Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары