Қазақстанның темір ханшайымы атанған Әнел Сытдықова АҚШ-та Каталина бұғазын жүзіп өтті, деп жазады ҚазАқпарат. Батыс Қазақстан облысында туып-өскен Әнел Әлібекқызы Лос-Анджелесте әлемдегі ең ұзақ марафондық қашықтықтардың бірі –Каталина бұғазын (34 шақырымға жуық, Catalina Channel Swimming) тоқтамастан 18 сағат 19 минутта жүзіп өтті. Бұл марафондық жүзу 4 тамыз күні сағат 23.00-басталып, Әнел мәреге келесі күні жетті.