Кешеден бері квартира берушінің «екіжүзділігіне» әлеуметтік желінің беті толды. Ертең басқа мәселе шықса, ол жақтан да «екіжүзділер» табылады. Сөйтіп қай жерге барсаң, ситуацияға байланысты жылдам өзгеретін адамдар алдыңыздан шыға береді. Ондай жандарды бірінші көріп те тұрған жоқсыз, деген екен Жанар Шамель. Неге бұлай? Бұл – біз адам тәрбиелей алмадық деген сөз. Бүкіл қоғам болып, әлем