Сот үкімімен Қайрат Боранбаев және Роман Наханов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейінгі сот отырысында прокурор Боранбаевты 8 жылға соттауды сұраған еді. Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы QazaqGaz басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақты да 8 жылға бас бостандығынан айыру керегін айтқан. Ол өмір бойынша мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылды. Бұған дейін үйқамақта болған Жанұзақ сот