Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының түрмеде отырып Алматыдан қонақ үй сатып алу мәселесіне түсініктеме берді. Дерекке сүйенсек, оның мүлкі мемлекетке қайтарылып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Антикор сотталған Қайрат Сатыбалдының қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқанын жазған. Әрі оған қатысты салықтарды төлемеуге және қылмыстық кірістерді заңдастыруға байланысты қылмыстардың