Кейінгі күндері құзырлы органдар Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қанша қаражат қайтарғаны жөнінде ақпаратты тарата бастады. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи соған байланысты Қайрат Сатыбалдыны "оны ақтағалы жатыр ма, әлде мерзімінен бұрын босатқалы отыр ма?" деп сұрақ тастады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.