Өткен жылы қыркүйек айының соңында, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі оқылардан бірер күн бұрын желіде видео пайда болды. Онда сотталушы өзінің туыстарымен және адвокаттарымен видео-байланысқа шығады. Видеода әлдебір әйел бірер секундқа көрініп қалды. Қысқа әңгімеден оның Қ.Сатыбалдының әйелдерінің бірі екені байқалады, деп хабарлайды Orda.kz. «Қазақстандық БАҚ-та оның төрт әйелінің аты-жөні айтылады.