Қоғамдық кеңестердің мүшелерін өкілетті органдардың өздері іріктейтін әдетті доғармай, ондай кеңестерден еш пайда болмайды, дейді Еуропалық құқық және адам құқығы жөніндегі сараптау институтының директоры Марат Бәшімов. Атқарушы органдарды қамшылауы тиіс деп құрылатын кеңестердің көбі өз міндетін атқармайды. Өйткені ондай кеңестерде көбіне «керек» адамдар отырып алады да, олар қоғамның талабын тыңдаудың орнына әкімдіктер мен министрліктердің ыңғайына