Алматы қаласында «Елге көмек» қорының жетекшісі, халық арасында «қазақ Робин Гуды» аталып кеткен блогер Ілияс Сәриевке сот үкімі шықты. Ол бірнеше рет жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, үш жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.