Baktygaliev Blog телеграм каналында Ілияс Бақтығалиев деген автор Қазақ хандығының тарихындағы тілдің рөлі мен орны туралы түйген ойын жазыпты. Оның пайымынша, қазақтар өз тарихында логикамен жүріп, қай тіл қолдануға ыңғайлы, соны пайдаланған. Қазақ ұлтына тән қасиет – бірнеше тілді оңай меңгере алатыны. Кезінде Қазақ хандығының халқы да айналасындағы жағдайға бейімделуге мәжбүр болған. Жалпы, көшпенділер мәдениетіне бейімделушілік