Кеше Шымкентте Қарттар үйі ашылды. Яғни, қараусыз қалған қарттар саны көбейіп келеді деген сөз. Жақыннан безгендер мемлекеттің қамқорлығына зәру. Қала аумағында орналасқан қарттар үйі кезінде Түркістан облысының балансында қалған болатын. Жаңадан ашылған №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан қазіргі таңда 30-ға жуық қария, оның ішінде, ерекше күтімді қажет ететін 5 мүгедектігі бар қарт пана тапқан.