Балық етін тұтыну бойынша әлемде бірінші орында Оңтүстік Корея көрінеді. Жылына адам басына шаққанда 57 келі балық етін тұтынады. Екінші орын Жапония - 53 келі. Үшінші орын Норвегия - 50 келі. Ал әлем бойынша балық етін тұтынудың орташа көрсеткіші 22 келі екен. ДДСҰ жылына 16 келі балық етін жеуге кеңес береді. Қазақстан бұл көрсеткішке жетпейді.