Оқу-жаттығулар қыркүйектің 1-7 аралығында Ресейдің бірнеше полигонында өтеді. «Восток-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына Қазақстаннан басқа, Алжир, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Никарагуа, Сирия, Тәжікстан, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Лаос және Моңғолия елдері қатысады. Қатысушылар жеті полигонда, сондай-ақ Охот теңізі мен Жапон теңізінің суларында шабуыл және қорғаныс әрекеттерін жасайтыны айтылған. Сонымен қатар жаттығуларға 50 мыңнан астам әскери мен бес мыңнан