Қазақстандық спортшы, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен қазақ тіліне қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Tizgin.kz. «Ол сөзді досыма әзіл ретінде айттым» Қуат Хамитов сұхбат барысында дауға себеп болған әңгіменің қалай басталғанын баяндады. Оның сөзінше, барлығы Нұрберген есімді танысымен тікелей эфирде сөйлескен кезде болған. «Нұрберген екеуміз тікелей эфирде отырдық. Бір …