Қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді. Қазақ тілі – азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне