Қазақстандық әуе компаниялары жиі сынға ұшырайтыны ешкімге де жасырын емес. Әсіресе FlyArystan компаниясына көңілі толмайтындар аз емес. Рейстердің жиі кешігуі тіпті кейбірінің бірнеше күнге шегерілуі бір деңіз. Одан қалды қол жүгіндегі артық салмақ үшін жолаушылардың құтын қашыруы. Ал жақында әуе компаниясы бұның барлығын басып озатын өте келеңсіз жағдайға тап болды. Тап болғанда Fly Arystan компаниясының өзі басты себепкер. Бірақ компанияның ұстанған позициясына қарағанда ол тарап бұл жағдайды мүлде ұятты деп есептемейтін сыңайлы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жаңалықтар