Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, қазақ тілінде сөйлейтін жастардың көптігін айтты. Оның пайымдауынша, Қазақстан – тіл саясатын байыппен жүргізуі керек. «Бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп айтқан. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен,