Өткен аптада кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесі Қазақстан жұртшылығын дүр сілкіндірді. «Егер сіз орысша сұрап, сіз орысша біле тұра қазақша жауап берсеңіз, ол ұлтшылдық, әрі төмен мәдениеттің белгісі» деген Мухоряповтың сөзіне қазақтар өре түрегелді. Қазақ тілді аудиториямен қатар, бұл мәлімдемеге орыс тілді қазақтар да ашуланып, түрлі жазбалар қалдырды. Тіпті, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясын мойындамау және қазақ