ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте екі компания тобына қатысты тексеру аяқталғанын айтты. Жыл басынан бері жер қойнауын пайдаланушылардың 63-і тексеріліп, 8-і Мемлекет басшысының, 4-і Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша бақылауға алынды. «Қазақмыс» және KAZ Minerals компаниялар топтарына қатысты тексерулер аяқталды. Есептелген салықтық өсімпұлдар мен айыппұлдардың жалпы сомасы