Ер адам пышақ жарақатынан көз жұмған. Ұлытаудағы «Қазақмыс» кенішінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық ПД-ның баспасөз қызметі айтты. Ведомствоның мәлімдеуінше, пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйіті «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішінен табылды. Көз жұмған азамат Өскеменнен іс-сапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болған. «Жомарт» кеніші Жезқазғаннан 300 км қашықтықта орналасқан.