Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясының жүзден астам кеншісі ереуілге шықты. Наразы жұмысшылардың хабарлауынша, кеншілердің жартысы шахтаның ішінде қалған, қалғандары жоғарыда ереуілдеп тұр. Ереуіл болып жатқанын дәлелдейтін видео да бар. Кеншілер 15 талап қойған. Белсенділердің айтуынша, әуелі Сәтбаев қаласындағы № 65 шахта жұмысы тоқтаған. Мұнда 13 тамызда түнгі ауысымға түскен жұмысшылар ереуілдеп тұр. Кеншілердің мәлімдеуінше, қазір наразылық