Қазақстан ядролық отын шығаратын аз елдердің бірі. Отынды отандық бірінші АЭС салуға қолдану жоспарлануда. Бұл туралы «Қазақстандық атом электр стансалары» АҚ директоры Тимур Жантикин Қазақстанда АЭС салу мәселелері бойынша бүгін Астанада өтіп жатқан жария талқылау барысында мәлімдеді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.